№2 жалпы ата-аналар жиналысы
21 қаңтар. 2020 жыл.
Құрметті ата-аналар! Ұлағатты ұстаздар! Жиналысқа қатысып отырған қонақтар!
Барлықтарыңызды келген жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын , жыл әр отбасыға жақсылық пен аманшылық ала келсін деп тілегімді білдіремін!
Өзімнің алғы сөзімді бастар болсам, баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады.
Ұрпақ тәрбиесі ұлағатты болу үшін, отбасындағы ата-ана берген тәрбие мектепте жалғасын тауып, кішкентай бүлдіршін саналы азамат болып қалыптасу үшін мектеп, мұғалім және тәрбиеші жауапты зор міндетті атқарады.
Олай болса, ата-ана, мұғалім, оқушы бірлесе ,кез келген істе жұмыла атсалысса , жоспарланған жұмыстардық толық орындалатынын, нәтиженің оң болатынын анық.
Талдысай ЖОББМ ұжымы білім мен тәрбие берудегі еңбектерін адал атқарып келеді деп толық айта аламын. Қашықтықтан оқыту кезінде де біздің оқушыларымыз үлкен жетістіктерге жетіп жатты. Әрине, оған қолдау көрсетіп отырған ата-аналарға ризашылығымды білдіремін.
Қазіргі 2020-2021 оқуь жылының 2 жарты жылдығын ұйымдастыру барысында бүгінгі күні санитарлық талаптарды сақтай отырып МАД тобынан бастап ,бастауыш кластар толығымен, 5,7 және 9-11-кластар мекетепке келіп кезекші кластарда оқып жатыр. Оқу барысында 70 пайызы дәстүрлі,30 пайызы қашықтықтан оқытылып жатқанын білесіздер, Барлығы ---- кезекші класс оқуда. Тек 6,8-кластар тартылмай отыр. Алдағы уақытта мүмкіндікке қарай отырып, бұл оқушылардың да мектеп ке келіп білім алуын қамтамасыз етеміз.
Қашықтықтан оқу барысында оқушыларды компьютер, ноутбук және интернеттен қамтамасыз ету болды. Барлығы ---- оқушы қаматамасыз етілді. Сонымен қатар әлеуметтік жағдайына қарай --- оқушы Жалпыға білім беру қорынан қажетті киім кешекпен, аудан әкімінің шыршасынан --- оқушыға демеушілік көрсетілсе, қамқоршылықтағы 1 оқушымыз 100 000 теңгелік Президент атынан берілген сыйлыққа ие болды.
Бүгінгі жиналыстың тақырыбы: :«Ел боламын десең, бесігіңді түзе »
Күн тәртібінде:
1. «Рухани жаңғыру және ұрпақ тәрбиесі » Баяндамашылар: Мукашева К.С-ТІЖО , Жулдубаева Н.А 4б-класс жетекшісі
2. «Құқықтық тәрбие – басты құндылық»
Темірбекұлы Ә-учаскелік полиция , Мукашева К.С –тәрбие ісінің орынбасары
3. «Бала денсаулығына, өміріне нұқсан келтірмеудің алдын алу қажеттілігі –басты назарда болуы керек » кеңес беру
Калинчук А.Қ, Сакенай С-психологтар
Ахметова С.Ғ-мектеп медбикесі
Сөз кезегін күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сөз сөйлеушілерге беремін.