14 Желт 2021
Тәрбие жұмысы

Құқықбұзушылық жоспары

Бекітемін»

Мектеп директоры

_______  С.Б.Биртаева

«   »   тамыз  2021 ж.

Талдысай ЖОББМ бойынша 2021-2022 оқу жылындағы  құқықбұзушылықтың алдын алу Кеңесінің жұмыс жоспары

Кеңес мақсаты: «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 591-II Заңын орындау, кәмелетке толмағандардың заңға мойынсынушылық мінез-құлқын қалыптастыру, оларға адамгершілік және салауатты өмір салты негіздерін дарыту. Алдын алу кеңесі құқық бұзушылықтың алдын алу процесінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін мектеп әкімшілігінің, мұғалімдердің, ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың, қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіреді.

Алдын алу Кеңесі қызметінің міндеттері:

  • оқушылар арасындағы құқық бұзушылық проблемаларының жай-күйіне мониторинг жасау;
  • құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйені құру және жұмысты ұйымдастыру;
  • кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуына, олардың қылмыс, құқық бұзушылық, қоғамға жат іс-әрекеттер жасауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою;
  • әлеуметтік қауіпті жағдайдағы кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-педагогикалық оңалту;
  • кәмелетке толмағандарды қылмыстық немесе қоғамға қарсы қызметке тарту жағдайларын анықтау және жолын кесу.

Мазмұны

Орындау уақыты

Орындалуына

жауаптылар

1. Ұйымдастыру жұмыстары

1.1

Түрлі есептерге алынған балалар мен олардың отбасы туралы  мәліметтер базасын құру. Есепке алынған оқушылар картотекасын жасау

қыркүйек

Тәрбие ісінің орынбасары,

Әлеуметтік педагог,

Класс жетекшілер

1.2

Педагогикалық бақылауды қажет ететін оқушыларды (тәуекел тобы) анықтау

Жыл бойы

Психолог

Медбике

Әлеуметтік педагог

Класс жетекшілер

1.3

 Түрлі  есепке алынған оқушылар мен «Қолайсыз»отбасыларын, «Өгей отбасыларын», «Тәуекел» тобына енгізілген оқушылар отбасыларын аралау.

Жыл бойы

Комиссия мүшелері

1.4

 Есепке алынған оқушылардың  каникул кезіндегі жағдайын және олардың түрлі оқу-тәрбиелік шаралармен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру, қадағалау.

Каникул алдында (жыл бойы)

Кітапханашы

Тәлімгер

Әлеуметтік педагог

Спорт инструктор

Психолог

1.5

Құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесінің отырыстары

Ай сайын,

қажет болса кезектен тыс

Кеңес мүшелері

1.6

Оқушылардың сабаққа қатысымын бақылау

Күн сайын

Тәрбие ісінің орынбасары

Класс жетекшілер

Әлеуметтік педагог

1.8

Диагностикалық, коррекциялық (түзету, үйлестіру) жұмыстарын ұйымдастыру және қадағалау

Жыл бойы

Психолог

1.9

Әлеуметтік қиын жағдайға тап болған оқушылар мен олардың отбасылары туралы мәліметтер базасын жасауға қатысу

Жыл бойы

Әлеуметтік педагог

1.10

 Тәртіп сақшылары тобының тізімін қайта жасау, толықтыру

қыркүйек

АӘД пәнінің мұғалімі

1.11

Есепке алынған оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану жолдарын қарастырып, іске асыру (оларды түрлі тәрбиелік іс-әрекеттермен қамту)

Жыл бойы

Спорт инструктор

Үйірме жетекшілері

2. Алдын алу (профилактикалық) жұмыстар

2.1

Оқушының жеке тұлғасын зерттеу арқылы мінез-құлқындағы олқылықтарды анықтау:

1) мінез-құлқындағы ауытқушылық;

2) сабақты себепсіз көп жіберу және оның себептерін;

3) ұрыс-керіске, төбелеске оңтайлылық;

4) оқушының әлеуметтік жағдайын;

5) қоршаған ортасы мен жолдас-жораларын.

6) отбасы жағдайын, оқушы мен ата-анасы арасындағы қарым-қатынас;

7) отбасындағы тәрбие түрін;

8) оқушының қызығушылығы мен бейімділігін анықтау                                       

Жыл бойы

Класс жетекшілер

Тәрбие ісінің орынбасары

Психолог

Мектеп медбикесі

Әлеуметтік педагог

 

2.2

Тақырыптық және алдын алу мақсатында  тәрбие сағаттарын өткізу

Жыл бойы, кестеге сәйкес

Класс жетекшілер

 

2.3

·          «Сәтсіз» отбасы балалары және «тәуекел» тобындағы балалар оқитын кластардың  микроклиматын зерделеу

Жыл бойы

Тәрбие ісінің орынбасары

Психолог

2.4

Құқықбұзушылықтың алдын алу айлығын өткізу:

1) есепке алынған барлық оқушылар картотекаларын жаңалау;

2) есептегі оқушылардың тәрбиелілік деңгейінің диагностикасын жасау және оны талдау негізінде коррекциялық жұмыс бағыттарын анықтау, жоспарлау;

3) құқыққорғау (ІІБ, прокуратура  , денсаулық сақтау ұйымдарының  өкілдерімен бірлесе отырып, ағарту шараларын өткізу;

4) құқықбұзуға оңтайлы оқушыларды анықтау және олармен жеке жұмыстар жүргізу;

5)  «тәрбиесі қиын» оқушылармен жұмыс жасайтын педагогтар үшін жеке немесе топппен кеңес беру жұмысы

6) «тәуекел» тобына іліккен оқушылар ата-аналарымен  жеке әңгімелесу, кеңес беру жұмыстарын жүргізу

Жыл бойы,

 

 

2.5

Есепке алынған оқушыларға  қоғамдық бақылаушылар бекіту және олардың жұмыстарына басшылық жасау

Жыл бойы

 

3. Түрлі профилактикалық есепке алынған оқушылармен жеке жүргізілетін жұмыстар

3.1

Есепке алынған әрбір оқушының жай-күйіне педагогикалық талдау жасау:

а) алғашқы

ә) бірінші талдау – профилактикалық іс-әрекет әсерін анықтау

б) екінші – оқушы мінез-құлқындағы оң бағыттағы өзгерістер

в) үшінші – оқушы мінез-құлқының түзелуі

Есепке алынған күннен бастап,

түзеліп кеткенінше

Тәрбие ісінің орынбасары

Психолог

Әлеуметтік  педагог

3.2

«Тәуекел» тобындағы қиын оқушының  тәрбиеге бейімделу деңгейін зерделеу

Есепке алынған күннен бастап,

түзеліп кеткенінше

Психолог

Класс жетекшілер

3.3

Оқушылармен жеке профилактикалық әңгімелесулер

Апта сайын

Класс жетекшілер

3.4

Оқушылар мен ІІБ, прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен тәрбиелік шаралар өткізу

Жыл бойы

Тәрбие ісінің орынбасары

 

3.5

Құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесі отырыстарында  есепке алынған оқушының тәртібін қарау

Қажет болған жағдайда

Класс жетекшілер

 

4. Ата-аналармен жүргізілетін профилактикалық жұмыстар

4.1

Оқушылардың отбасы туралы мәліметтер базасын жасау, оны жаңартып отыру

Қыркүйек, жыл бойы

 

4.2

 

Оқушылардың отбасын зерттеу жұмыстары

 

 

«Отбасы» рейді./ «қолайсыз отбасы»санатындағы үйлерге бару/

Жыл бойы

Әлеуметтік педагог

Тәрбие ісінің орынбасары

Класс жетекшісі

Күзгі каникул күндерінде

4.3

Отбасына қажетті педагогика-психологиялық көмек көрсету

Жыл бойы

 

4.4

Ата-аналарды  маңызды  тәрбиелік шараларды ұйымдастыру жұмыстарына тарту

Жыл бойы

 

4.5

Ата-аналарды «Тәртіп сақшылары» топтарының жұмысына, түрлі профилактикалық шараларға  тару

Жыл бойы

 

 

№2 мектепішілік ата-аналар жиналысы

1.Құқық бұзушылықтың алдын алу

а) «Заң бұзушылық неге әкеліп соғады?баяндама. КТІЖИ ,тәрбие ісінің  орынбасары

ә)  Оқушылардың сабақ үлгерімі 

б) Оқушылардың сабақтан себепсіз қалғаны 

2. «Жасөспірім шақтағы  келеңсіз іс-әрекеттерді  болдырмау  жолдары» кеңес беру

3. «Қамқорлық» акциясы 

 

 

 

қаңтар

Мектеп әкімшілігі

Психолог

Әлеуметтік педагог

5. Педагогикалық кадрлармен жұмыс

5.1

Класс жетекшілеріне, пән мұғалімдеріне арнап «тәрбиесі қиын», «тәуекел» тобындағы педагогикалық назарды көп қажет ететін оқушылармен жұмыс бағыттары мен әдіс-тәсілдері  жөнінде нұсқаулық дайындау

 

 

 

6. Кеңес отырыстарының тақырыптары мен қаралатын мәселелер

 

№1 отырыс:

1.     Құқықбұзушылықтың  алдын алу Кеңесінің  2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын талқылау,   бекіту.

      2.«Мәлімет базасын» жаңарту және түзету

2.1.Аудандық ІІБ есебіндегі оқушылармен түзету ,бақылау  жұмысының жүргізілуі

  2.2. Әр түрлі деңгейге қатысты «Тәуекел» тобына жататын оқушылар мен олардың отбасы туралы мәлімет және оларды есепке алу, оқушыларға қоғамдық бақылаушылар бекіту және олардың жұмыстарына басшылық жасау, қоғамдық жұмыстарымен, бейімділігіне қарай үйірмелермен қамтылу жұмыстарының  ұйымдастырылуы.

 

қыркүйек

Биртаева С.Б-мектеп директоры

Мукашева К.С-тәрбие ісінің орынбасары

Ишаулова Г.М-әлеуметтік  педагог

Калинчук А.К-психолог

Ахметова С.Ғ-мектеп медбикесі

 

 

 № 2 отырыс:

1.     Есепте тұрған, «тәуекел» тобында тұрған оқушылардың сабаққа қатысымы, оқуға ынтасы, жетістіктері және тәрбиелік деңгейі ,әлеуметтік  тұрмыстық жағдайы  бойынша   жеке оқушымен жүргізілген жұмыстар 

2.     Мектеп бойынша  оқушылардың сабаққа  қатысымы бойынша, сабақты себепсіз  жіберген оқушыларды тізім бойынша талдау, шара қабылдау. 

3.     Бала құқығын қорғау күніне іс-шаралар  жоспарын бекіту;

4.Бақылауда тұрған  оқушылардың  күзгі  демалысын ұйымдастыру жұмыстары

 

қазан

 

Ишаулова Г.М-әлеуметтік  педагог

КалинчукА.К, Сакенай С.Е-психологтар,

Класс жетекшілері

 

 

№3 отырыс:

1.

1.     Қамқоршылықта тәрбиеленуші  оқушылардың сабаққа қатысымы,оқуға ынтасы, тәрбиелік деңгейі, тұрмыстық-материалдық жағдайын бақылау , зерделеу жұмыстарының есебі

2.     «Қауіпсіз отбасында», «өгей отбасында» тәрбиеленуші балалармен   зорлық-зомбылықтың  алдын алу мақсатында ата-аналарына кеңес  беру;

қараша

Мукашева К.С-тәрбие ісінің орынбасары

Ишаулова Г.М-әлеуметтік  педагог

Класс жетекшілері

 

№4 отырыс:

1.Кәмелеттік жасқа  толмағандар  арасында өзіне-өзі  қол  жұмсау оқиғаларының алдын алу мақсатында психолог мамандарының диогностика жұмыстары ,кеңестері. 

2.Бақылауда тұрған  оқушылардың қысқы демалысын ұйымдастыру жұмыстары

3.Мереке күндеріне орай  рейд жұмыстарын, оқушылар қауіпсіздігінің  /от шашу / алдын алу  жұмыстарын жүргізу ;

Желтоқсан

КалинчукА.К, Сакенай С.Е-психологтар,

 

 

№5 отырыс:

1.     Зиянды заттары қолданудың алдын алу жөнінде 5-11 кластар арасында қосымша бағдарламаның орындалуы және мектеп медбикесінің  жүргізген жұмыстарының есебі

2.Құқықбұзушылықтың алдын  алу  мақсатында  мектепішілік ата-аналар жиналысының өтуін жоспарлау;

 

 

Қаңтар

Мукашева К.С-тәрбие ісінің орынбасары,

Ахметова С.Ғ-мектеп медбикесі

 

№ 6 отырыс:

1.     Жыныстық қол сұғушылықтың және зорлық зомбылықтың алдын-алу  мақсатында  жүргізілген  жұмыстардың есебі

2.     Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу ,оқушылар арасында теріс ағымдардан аулақ болу  тақырыбында жұмыстардың жүргізілуі;

Ақпан

 

 

№7 отырыс:

1.     Мектеп бойынша тәртібінде,сабақ үлгерімінде  олқылықтар жиі кездесетін оқушылардың ата-аналарын  кеңес отырысына шақыру,шара қабылдау ;

1.     Бақылауда тұрған  оқушылардың  көктемгі  демалысын ұйымдастыру жұмыстары

2.     Көктемгі каникул күндерінде  қолайсыз, өгей отбасыларға, есептегі оқушылардың үйлеріне  жасалған  рейд жұмыстары

Наурыз

 

 

№8 отырыс:

1.Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында есепте оқушылары бар класс жетекшілердің есебі;

2.Оқушылардың кешкі мезгілде көшеде жүрмеуін бақылау жұмыстарының  ұйымдастырылуы

 

 

Сәуір

 

 

№ 9 отырыс

1.     Бақылауда тұрған  оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстары

2.     Құқықбұзушылықтың алдын алу Кеңесінің 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының  орындалуы

 

мамыр

 

7. «Құқықтық сана-қауымға пана» жобасы шеңберінде оқушыларға  құқықтық  білім беру негіздерін оқыту

   1. 

 «Қауіпсіз мектеп автобусы » акциясы  аясында  ЖЖЕ арналған сынып сағаттарын  өткізу

 

1-13 қыркүйек

 

Тәрбие ісінің орынбасары,

Тәлімгер

1-8 класс жетекшілер

2

«Қауіпсіз мектеп» айлығы шеңберінде Үйде,көшеде,қаладағы тәртіпсіздікке  мүлдем төзбеушілік» дәріс оқу,кеңес беру. 8-9-10-11-класс оқушыларымен

10- қыркүйек

 

Ишаулова Г.М-әлеуметтік педагог

Темірбекұлы Ә-учаскелік полиция

3

«Ереже-мектептің негізгі заңы» мектепішілік жарғымен таныстыру,тәртіп сақтауды, оқушы міндеттерімен таныстыру.

 

6- қыркүйек

 

Мукашева К.С-тәрбие ісінің орынбасары

1-11-класс жетекшілері

4

«Білім беру ұйымдарына алып кіруге  тыйым салынған  заттарды әкелуге  шектеу қою» ережесімен атныстыру, қолхат алу кездейсоқ тексерулер.

Қыркүйек

Тексеру жұмыстары –тоқсан сайын

Мектеп әкімшілігі

5

Интернет қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында әлеуметтік желіге оқушылар,ата-аналар үшін ақпараттар жариялау.

қазан

Мектеп әкімшілігі

6

«Заман және жасөспірім» кездесу,сауалнама,рейдтік  жұмыстар

8-класс

қазан

Калинчук А.К

Сакенай С-психологтар

7

Оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында каникул күндеріне іс-шаралар ұйымдастыру

Тоқсан сайын

Тәрбие ісінің орынбасары

8

 Бала құқығын қорғау күніне орай «Менің құқығым мен міндеттерім» тренинг 8- 9-класс оқушыларымен

қараша

Психолог

Құқық пәнінің мұғалімдері қараша

9

«Бала құқығы-адам құқығы»  6-класс оқушыларымен 

қараша

Әлеуметтік педагог

Класс жетекшісі

10

«Қатігездіксіз және зорлық-зомбылықсыз  балалық шақ» видео-роликтер байқауы

қараша

9-11-класс оқушылары

Әлеуметтік педагог

11

«Құқықбұзушылықтар. Жазалар.» КТІЖИ сұхбат.

қараша

ТІЖО

Әлеуметтік педагог

12

«Терроризм  туралы не білеміз?» тәрбие сағаты. 10-11-класс оқушыларымен

қараша

АӘД пәнінің мұғалімі

13

«Өміріңді уландырма, жас өскін» жадынама тарату.

 

қараша

Әлеуметтік педагог

Мектеп медбикесі

14

СПИД-пен күресу күні.  «ЖҚТБ-ға қарсымыз!» акция ,дәріс оқу

қараша

Әлеуметтік педагог

Еріктілер

Мектеп медбикесі

 

15

«Жаңа жылдық от шашулардан сақтанайық!» алдын алу  сағаттарын өткізу

желтоқсан

Мектеп медбикесі

1-11-клас жетекшілері

 

16

«Құқықбұзушылық қайдан шығады?» кеңес беру 8-11-класс ер балаларымен

қаңтар

Ұлдар клубының жетекшісі

17

«Жасөспірім шақтың қиындықтары» ақыл-сабақ 8-11-класс қыз балаларымен

қаңтар

Психологтар

18

Кл.час.«Вредные  вещества  и  влияние  ровесников»

ақпан

Захаренкова Н.К- құқық пәнінің мұғалімі

19

«Әке тәрбиесі» әкелермен  кездесу

ақпан

Клуб жетекшісі

Тәрбие ісінің орынбасары

20

«Қауіпсіз интернет» 4-11-сынып оқушыларына жадынамалар тарату 

сәуір

Әлеуметтік педагог

21

«Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны» дебат

сәуір

Жоныс А.-тәлімгері

22

«Зиянды әдеттер» 8-11-класс ер балаларымен 

сәуір

Клуб жетекшісі

Психологтар

Медбике

23

 Қауіпсіздігіңді сақта! /жадынамалар тарату/

мамыр

АӘД пәнінің мұғалімі

Жаңалыктар