26 Сәу 2021
Страницы "Талдысай жалпы білім беретін орта мектебі " КММ

Психологилық қызмет

Психологилық қызмет

Адам өмірі, оның ішкі жан дүниесінің әсемділігі, адам психологиясының қалыптасуы, адамзат қоғамының өркендеп гүлденуі ең алдымен білімнің даму деңгейіне байланысты.

Ұстаздар қауымының сенімді тірегі, көмекшісі, сондай-ақ білімге ұмтылған әр баланың ішкі жан дүниесін түсініп, олардың танымдық деңгейлерінің дамуына бірден-бір ықпалын тигізіп, оларды өмірге психологиялық жағынан дайындайтын мектеп психологтары.

 Мектеп психологтары

                      Калинчук Акжибек Куандыковна              Сәкенай Сая Елубайқызы

Психологиялық қызметінің мақсаттары мен міндеттері

  1. Психологиялық қызметтің мақсаты:

1) білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау

2) қолайлы әлеуметтік – психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

  1. Психологиялық қызметтің міндеттері:

1)         Білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін – өзі тәрбиелеу және өзін – өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;

2)         Білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;

3)         Білім алушылардың тұлғасын психологиялық – педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;

4)         Психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;

5)         Психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;

6)         Психологиялық проблемаларды шешуде және оқу – тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата – аналар мен педагогтарга консультациялық көмек көрсету;

7)         Білім беру үдерісі субьектілерінің психологиялық – педагогикалық құзыреттілігін көтеру.

  1. Психологиялық қызмет жұмысының негізгі бағыты және мазмұны

Психологиялық қызмет психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық – профилактикалық, түзету – дамытушылық және әлеуметтік – диспетчерлік бағытта жүзеге асырылады.

Балалармен жұмыс жасайтын әр мұғалім үзіліс уақытын тиімді өткізу үшін «Қызықты қоңырау»  атты сергітетін жаттығулар жасап, келесі сабақ жаңа энергиямен кіруге жағдайлар жасау керек.  Оқушылар мұғалімнен энергия алады. Сабақ түсіндіру, әр балаға тапсырманың дұрыс жеткізілуі, сабақ тексеру, осының барлығы мұғалімге байланысты.  Әр сабаққа жақсы көңіл күймен кірген мұғалім шуағын шашқан күн сияқты. Өз жылуы мен жарығын сыйлайды.  Әр баланың екінші анасы саналатын ұстаздың көңіл күйі көтеріңкі болу үшін күнделікті жылы сөз бен қызықты жаттығулар керек.

Ұжымдағы қарым-қатынасты нығайту, мұғалімдер арасында болған әртүрлі келеңсіз жағдайларды жақсарту үшін жыл сайын «Құпия дос» ойын ойнатылады.  Бұл ойын барысында мұғалімдер жеребе арқылы өздеріне түскен адамға сыйлық жасайды. Бұл сыйлықты ортақтасып шешекен сомадан асырмай, алдын ала біздерге әкеліп береді. Барлық сыйлық жиналған соң таратылып беріледі.  Құпиялық соңына дейін жалғасады. Мұғалімдер өздеріне сыйлықтың кімнің жасағанын білмейді.

             

Жаңалыктар