Кітапханалық қызмет көрсету жағдайы
Мектеп кітапханасының ең басты атқаратын қызметі – оқу-білім үрдісін оқулықпен, әдістемелік құралмен, әр саладағы әдеби кітаптармен қамтамасыз ететін және кітапхана нормасы мен ережесіне сай жұмыс атқаратын мектептің құрылымы. Мектеп кітапханасының өзгешелігі мен ерекшелігі де осында. Балалар алғаш кітаппен жұмыс істеуді мектептен үйренеді. Ал кітапханашының міндеті-оқуға, кітапқа құмарлығын арттыруға, кітапты қадірлей білуге үйрету. Кітапханадағы әр кітапқа қарап, олардың оқырмандардың қолында көп пайдаланғандығын, не болмаса кітап сөресінде қозғалыссыз тұрғанын байқауға болады. Кітапхана мәдени, рухани ақпарат орталығы болғандықтан бүгінгі атқаратын рөлі зор.
Кітапхана пән мұғалімдермен тығыз байланыста. Әр түрлі мектепішілік іс-шаралар өткізу барысында: олимпиада, ғылыми конференция, пән аптасы, ашық сабақ, семинар, педкеңес, әдістемелік отырыс, жан-жақты тәрбие жұмысы, сынып сағаты болсын керекті материал таңдаған кезде кітапханадан үнемі көмек алуға болады. Тәрбиелік жұмысының негізгі бағытында керекті әдебиетті, газет пен журнал беттеріндегі мақалалардан табуға жетекшілік етеді. Әрбір мектеп іс-шарасына қызығушылық танытып, тақырыптар бойынша көз тартатындай көркем безендірілген, терең мазмұнды ашық көлемді кітап көрмелері ұйымдастырылады және ұсынатын әдебиет тізімі құрастырылады.
Кітапхананың мақсаты:
- 1. Кітапхана өз жұмысын педагогикалық ұйымымен бірлесіп атқарады;
- 2. Мектептің міндеттері мен ерекшеліктерін ескере отырып, оқу – тәрбие ісін неғұрлым толық қамтамасыз ету мақсатында қорды қалыптастырады;
- 3. Оқушыны кітапқа құштарлыққа, кітапхананы пайдалана білуге тәрбиелейді;
- 4. Кітаппен өз бетінше жұмыс жасау жолдарын меңгеруге, кітап арқылы ой - өрістерін, рухани жандүниесін кеңейтуге, тілін дамытуға, ой - өрісі кең, білімді, парасатты азаматтарын тәрбиелеуге жәрдемдеседі;
5.Мектептегі педагог қызметкерлерінің кәсіптік шеберлігін көтеруге көмектеседі.
Кітапхананың міндеттері:
1.Оқушыларға білім алудың басты құралы – кітап екенін түсіндіре отырып, жас ұрпақтың бойына патриоттық, әділдік, бауырмалдық қасиеттерді қалыптастыру.
2.Оқырман көңілінен шығып, олардың талаптарын қанағаттандыру бағытында еңбек ету, кітапхананың кітап қорын сақтап, молайту.
3.Кітапханаға келуші оқырмандар санын көбейтіп, жас ұрпақтың бойында кітапқұмарлықты, кітап оқуға қызығушылықты қалыптастыру.
4.Оқушылардың оқулықпен қамтылуы
5.Осы оқу жылында мектеп оқушылары оқулықпен мектеп тарапынан 100 % қамтылды. Мектептегі аз қамтылған оқушылар оқулықпен 100% қамтылды.