Ағартушылық, көпшілік, кітап оқуға қызығушылық бағыттағы жүргізілген жұмыстар.
Күнделікті жұмыс барысында мектеп мұғалімдері тәрбие сағаттарына , сабақтарының тақырыбына байланысты материалдар іздегенде кітапхананың көмегіне сүйенеді. Ал оқушылар мән жазба жазуға үй тапсырмаларына қосымша мәліметтер іздегенде кітап қорын пайдаланады. Тәуелсіз елімізді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарына терезесін тең ететін білім және білімді ұрпақ. Қазіргі таңдағы жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі – мектеп кітапханасы. Кітапхана сол оқу орнындағы білімге ұмтылған жас ұрпақтың, сондай-ақ ұстаздардың табылар жері. Мектеп кітапханасының алдына қойған өзекті мәселесі жас ұрпақты тәрбиелеу. Сапасы білім, санасы тәрбие алу үшін, көп оқып, көп іздену керек екенін түсіндіре отырып оларды адамгершілікке , мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында мектеп кітапханасында көптеген іс-шаралар жүргізіледі. Әр түрлі тақырыптағы көрмелер: «Тәуелсіздік –теңдесі жоқ,бақытым!» «Кел,балалар,оқылық!», «Салт –дәстүр білгірі»,«рухани –жаңғыру еліміздің болашағы» , «Кітап құмар мектеп», «Ақ сандығым ашылды ,ішінен кітап шашылды» «Тәуелсіздік тарихы», «Кітапқұмар оқырман », «мобильді кітапхана», «Демалыста кітап оқы», «Бір ел- бір кітап», кітап көрмелері мен кітапханалық сабақтар ұйымдастырылып библиографиялық шолу жасалды.
Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік –теңдесі жоқ бақытым!» тақырыбында патриоттық кітап көрмесі ұйымдастырып,оқушыларға ақпараттар берілді.
«Оқуға құштар меткеп» жобасы негізінде «Кітап құмар оқырман » тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Мақсаты: Интернет желісінің қарқынды дамыған уақыты болса да, кітап оқудың пайдасы жөнінде ақпарат беру арқылы оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Наурыз мерекесіне орай «Салт-дәстүр білгірі» тақырыбында 7ә сынып оқушылары арасында сайыс өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларга салт -дәстүрді насихаттау, әдет -ғұрып туралы ,кітап оқудың пайдасы туралы ақпарат беру, кітап оқуға деген оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кел,балалар,Оқылық !»тақырыбында мектеп кітапханасында бұрыш ашылды.
Мақсаты: Ы.Алтынсариннің «Кел,балалар, оқылық!» деген ұранымен ,оқушыларды кітап оқуға шақыру, «Білім көзі -кітапта» дегендей кітапсыз білім жоқ деп мектеп кітапханасында оқырман санын көбейту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру,оқушылардың дүниетанымдық қабілетін дамыту.
Оқуға құштар мектеп -Оқуға құштар ұлт» жобасы аясында «Кітап құмар мектеп» тақырыбында мектеп кітапханасында бұрыш арналды.
Мақсаты: Көркем әдебиеттерге деген оқушылардың қызығушылығын арттыру; «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында көркем әдебиеттер тізімі бағыт бойынша жүзеге аспақ,яғни ,олардың қатарына ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиеті, еліміздің үздік классиктерінің кітаптары сонымен қатар еліміздің қазіргі заманғы ақын жазушылардың кітаптары , осы кітаптарды оқушыларға таныстырып, сондай ақ балаларды кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру,
Мектеп кітапханасында «Бір ел- бір кітап » тақырыбында\ челлендж \ акция ұйымдастырылды.
Мақсаты: Өздері оқыған шығармаларын келесі оқырманға ұсыну арқылы,кең көлемде кітап оқуға шақыру және сол оқыған көркем әдебиеттерді мектеп кітапханасына сыйға тарту. Барысы: Бұл челленджді өткізу барысында мұғалімдерден бастау тауып ,жалғасы жалғасуда.
Сәуір айында мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп » жобасы
аясында «Тәуелсіздік тарихы » кітап бұрышы арналды.
Мақсаты: Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу трихына шолу жасау. Қазақстан елінің әлеуметтік және рухани өзгерістер белестерімен таныстыру.Оқушылардың өз еліне ,өз жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мобильді кітапхана » айдары арналды.
Мақсаты: Оқушыларға электронды кітапхана туралы түсінік беру.
Оқырмандарды көркем әдеби шығармалармен ақпараттандыру. Электронды
кітаптың ыңғайлы түрінің бірі – « Мобильді кітапхана » Бұл қосымшаны
смартфонға жүктеп алуға ыңғайлы. Яғни « QR» қосымшасын жүктеп алып,
керекті кітапты оқуға мүмкіндік бар.
Көктемгі каникул мезгілінде «Демалыста ,кітап оқы! » тақырыбында танымдық сабақ
ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге ,пайдалы іспен айналысуға тәрбиелеу
оқу сауаттылығын қалыптастыру.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы негізінде «Рухани жаңғыру- еліміздің болашағы » тақырыбында кітапханалық сабақ өткізілді.
Мақсаты:О қушыларды Отанды сүюге, қастерлеуге, өз елін,өзжерін,
тегін,тарихын білуге,құрметтеуге тәрбиелеу.
Қорытынды:
Мектеп кітапханасы оқушыларға тек қана оқулықты тарату мен таза ұстауларын қадағалаушы емес , оқушыларға кітап оқу арқылы білім негізі қаланады дегендей ,білім мен тәрбие саласына өз үлесін қосушы екені анық. Кітапханашылар оқырмандарға, яғни мектеп оқушылары мен ұстаздарға көмектесу арқылы мүмкіндіктер жасап оқу процестеріндегі жаңашылдықтардан ешқашан қалыс қалмау керек. «Білімсіз бірді жығар,білімді мыңды жығар » деп ата-бабамыз бекер айтпаған. Кітапты үзбей оқып, өзімізге сенімді дос ретінде қабылдайық. Кітап өмірімізге бағыт сілтеп тұратын шамшырағымыз деп білейік.