Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 3 маусымдағы
№ 188 қаулысымен
бекітілді
"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
- Жалпы ережелер
- "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
- Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: білім алушыны ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымына қабылдау.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
- Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекет тәртібін сипаттау
- Еркін нысандағы ата-анасының (заңды өкілдерінің) өтініші мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) бастау үшін негіз болып табылады.
- Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны және нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 170 бұйрығымен бекітілген "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" стандарттың 9-тармағына сәйкес қабылдауды және тіркеуді (5 (бес) минуттан артық емес) жүзеге асырады.
Нәтиже - қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және жауапты орындаушыға жолдайды (5 (бес) минуттан артық емес);
3) қызметті берушінің жауапты орындаушы келіп түскен құжаттарды қарайды, қосымша білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық немесе бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды (10 (он) минуттан арттық емес);
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қосымша білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрыққа немесе дәлелді бас тарту туралы жауапқа қол қояды (10 (он) минуттан артық емес).
Нәтиже – қызмет алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру.
- Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерінің көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекет тәртібін сипаттау
- Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіне қатысатын мемлекеттік қызметті көрсетуші құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
2) қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
- Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қабылдауды және тіркеуді (5 (бес) минуттан артық емес) жүзеге асырады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және жауапты орындаушыға жолдайды (5 (бес) минуттан артық емес);
3) қызметті берушінің жауапты орындаушы келіп түскен құжаттарды қарайды, қосымша білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрықты немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды (10 (он) минуттан арттық емес);
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қосымша білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрыққа немесе дәлелді бас тарту туралы жауапқа қол қояды (10 (он) минуттан артық емес).
- Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерінің жұмыс берушінің құрылымдық бөлімшелердің өзара іс-әрекет етуінің бірізділігін нақты сипаттау осы регламенттің қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамасында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамасы жұмыс берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.