14 Желт 2021
Тәрбие жұмысы

Талдысай ЖОББМ  бойынша   20 қараша  балалар құқығын қорғау күніне орай  «Бала құқығы –адам құқығы » аясында  өткен  іс-шаралар анықтамасы

Мақсаты: Оқушыларға құқықтық білімнің негізін түсіндіру, жас балалар арасында  құқықтық мәдениетті қалыптастыру, адамзат құндылығын, жеке бас бостандығын сыйлауға, өз құқықтары мен міндеттерін білуге тәрбиелеу.
Еліміздің болашағы – бүгінгі балалар. Осы балалардың білім алуға деген қызығушылығын, құлшынысын ояту мақсатында сабақты психологиялық тұрғыдан ұйымдастыру керек. Олардың ойына ой қосу, қиялына қанат бітіру негізінде түрліі іс-шаралар өткізілуде. Адамның ең қымбаттысы - өмірі. Ол адамға бір - ақ рет беріледі. Сондықтан оны «Қайран босқа өткен жылдарым - ай» деп өкінбейтіндей, барлық күш – қуатын дүниедегі ең тамаша іске, адам баласын азат ету жолындағы күреске жұмсалады деп айтарлықтай етіп өткізу керек – деп орыс физиологы Н.А. Островский айтып кеткендей әрбір күн, уақыт, бізге бағалы қымбат. Сондықтан оны босқа өткізбейік. - Балалардың құқықтарын қорғау - мемлекет саясатының негізгі қағидаларының бірі. Алайда, бүгінгі қоғамда басқасын айтпағанда, туған баласының құқықтарын таптап жатқан қатыгез ата-аналар санының азаймауы толғандырады.

Осыған орай кластарда класс сағаттары өтті.

7а-класының жетекшісі  Кушкимбаева Ф.Е оқушыларына  «Құқық және жасөспірім» тақырыбында сынып сағатын өткізді.  Сабақ барысында  бала құқығы дегенге түсінік беріп өтті, жағдаяттарға жауаптар алынды. Сонымен қатар балалар  құқықбұзушылыққа жол беретінін, оның алдын алу бойынша кеңестерін ұсынды.

Құқық  пәнінің мұғалімі  Захаренкова Н.К 8б,9б,10б,11б-кластарында «Уроки права-уроки жизни» тақырыбында  тәрбие сағатын өткізді.  Сабақ барысында бала құқығы туралы түсінік беріліп, оқушылар топтық тапсырмалар орындады.

 Мектептің дәлізіне  оқушылар үшін  Бала құқықтары туралы ақпараттар ілінді.

3-4-5-класс оқушыларының «Мейірімділік –балалар көзімен» сурет көрмесі  ілінді. 4а-4б-5а-класс оқушылары  белсенділік танытты.

«Барлық бала бақытты» дебаты өтті.

Берілген қарарлар:

  1. «БП барлық бала бақытты деп септейді»
  2. «БП заманауи әлемде адамдарға  рухани құндылықтар  жетіспейді деп есептейді»
  3. «БП қазақ халқына сегізінші қазынаны ұсынады»

Дебат ойынына 4 топ қатысты. 1 орын «Болашақ » командасы иеленді.

Тәрбие ісінің орынбасары Мукашева К.С, әлеуметтік педагог Ишаулова Г.М,Сакенай С.Е 10-11-класс оқушыларымен «Бала құқығы-асыл қазына» атты  сабақ өткізді. Сабақ барысында  « Бала құқығы»  туралы презентация көрсетілді. «Кибербуллингтен өзіңді сақтау», «Зорлық-зомбылықтың алдын алу »,  видеолары көрсетіліп, жадынам таратылды. Оқушылармен кері байланыс жасалды.

Мектеп психологі  Сакенай С 8-класс оқушыларымен 18 қараша күні «Менің құқығым мен міндеттерім» тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг барысында  оқушылармен бірнеше тренингтер өткізді. Тренинг барысында оқушылардың ойлау , бірлесе жұмыс жасау, шығармашылық қабілеттерін дамытуға тапсырмалар берілді.

19 қараша күні  «Бақытты ана-бақытты бала-бақытты отбасы-бақытты ел» атты көп балалы отбасы аналарымен кездесу өтті.  Кездесуге 14 ана  келді.   Кездесу мақсаты: мектеп пен отбасы ынтымақтастығын арттыру, бала құқығы күніне орай ата-аналарға кеңес беру, балаға деген сүйіспеншілікті арттыру. Осы орайда тәрбие ісінің орынбасары Мукашева К.С кездесу сәтінің кіріспе сөзін ашып, мақсатымен таныстырып,  аналарға тілегін білдіріп, ашылу салтанатына Нұрбекқызы А «Анашым» әнін орындады.

Мектеп психологі Сакенай С бірнеше тренингтер өткізді. Әлеуметтік педагог Ишаулова Г.М «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» видеосын көрсетті. Жадынама таратты.  Аналармен бала тәрбиесі туралы сүхбат жүргізілді. Соңында «Жақсы тілек менен» кері байланысы жүргізілді.

 

Жаңалыктар