26 Сәу 2021
Тәрбие жұмысы

Рухани жаңғыру 4 жыл

 Бекітемін:

Мектеп директоры:          С.Б.Биртаева

Талдысай ЖОББМ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының

 4 жылдығына орай  өткізілетін іс-шаралар жоспары

Іс-шара атауы

уақыты

Жауаптылар

1

ҚР Тұңғыш Президенті Н.А.Назарбаевтың 2017 жылдың 12 сәуірдегі «Рухани  жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласына 4 жылдығына орай бейне баяндар жариялау

9 сәуір күні

 

 Мукашева К.С- ТІО

 

2

Волейбол жарысы .

10 сәуір

Ишаулов А.М

Коргулин М.С

2

12 сәуір - Ғарышкерлер күні .  Ғарышкерлер туралы  деректермен таныстыру

 12сәуір

Жоныс А.А-тәлімгер

3

«Рухани жаңғыру-еліміздің  болашағы» танымдық сабақ

6-сынып оқушыларымен

 

12 сәуір

Абдиханова Г.О-кітапханашы

4

«Менің Отаным-Қазақстан» сурет көрмесі

 15 сәуір күні

Көркем еңбек пәнінің мұғалімдері

5

«Жас ғалым» ғылыми жоба қорғау 

13 сәуір

 Сырмаханова Л.Қ

6

«Ұлттық мұра-ұрпаққа аманат»қолөнер көрмесі

14сәуір

Көркем еңбек пәнінің мұғалімдері

7

«Ұлттық құндылықтарды дәріптейік» танымдық сабақ

10а-класс

 

12 сәуір

Тышимова Г.Т

8

«Мамандық таңдау –ертеңді ойлау»тренинг 9б-11б-класс оқушыларымен

14 сәуір

Калинчук А.К

9

1-11-кластарда Рухани  жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласына 4 жылдығына орай класс сағаттарын өткізу.

 8-15 сәуір күндерінде

 Класс жетекшілері

 Талдысай ЖОББМ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының

4 жылдығына орай  өткізілген іс шаралар жоспарына орай өткізілген іс-шаралардың анықтамасы

9 сәуір күні тәрбие ісінің орынбасары  Мукашева К.С  мектептің инстаграм парақшасына  ҚР Тұңғыш Президенті Н.А.Назарбаевтың 2017 жылдың 12 сәуірдегі «Рухани  жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласына 4 жылдығына орай бейне жариялады.

Серік СЕЙІТМАН: Рухани жаңғыру – Ұлттың Ұлы Мұраты!
атты  өлеңін жариялатты .

10 сәуір күні  ұлдар  және қыздар волейбол командасының арасында  жарыс өтті. Жарысты  жетекшілері  Ишаулов А.М пен Коргулин М.С  өткізді. «Рухани жаңғыру»бағдарламасы бойынша оқушылар арасында бәсекелестікті қалыптастыру басты мақсат болы. Қорытындылай келе  1 орын «Бірлік» тобы, 2 орын «Достық» тобы  иеленді.

Рухани жаңғыру бағдарламасының 4жыл толуына орай "Жас ғалым" күні өтті. "Мектеп жиһазының оқушы денсаулығына әсері" тақырыбында дайындалған жоба оқушылардың назарына ұсынылды. Дайындаған оқушылар: Абуғалиева А, Осымова Г. Жетекшісі: Сырмаханова Л. Қ

12 сәуір күні –Ғарышкерлер күніне орай  тәлімгер Жоныс А.А инстаграм парақшасына  оқушылар үшін  ғарышкерлер туралы деректер видеосы мен презентациялар жариялады. Әлеуметтік парақшаның сторисіне «сұрақ-жауап » айдары  орналастырылды.

    1.Ғарышқа ұшқан ең  алғашқы ғарышкер?

2.Қай жылы, қай күні ғарыш кеңістігіне ұшты?

3.Ұшқан кораблінің атауы?

4.Кеңістіктегі  шолу қанша  минутұа созылады?

5.Қазақстандық 3 ғарышкердің есімі ?

12 сәуір күні мектеп кітапханашысы  Абдиханова Г.О «Рухани жаңғыру-еліміздің  болашағы» танымдық сабақ 6-сынып оқушыларымен өткізді.

Мақсаты: оқушыларды Отанды сүюге , құрметтеп қастерлеуге, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу;

14.04.2021 ж . «Р ухани жаңғыру» бағдарламасы аясында   "Ұлттық мұра-ұрпаққа аманат" қолөнер көрмесі жасалды. Оқушылардың ұлттық ою өрнектерді қолдана отырып жасаған бұйымдары нағыз қазақ халқының қолөнерін танытқандай.

Жұмыстар  ағаштан, фетрден, маталар, моншақтар қолдану арқылы жасалған.Көркем еңбек пәні мұғалімдері Кимағанбетова А. Б, Дүйсенбина А. А, Жармедетов А. Қ

Мектебіміздің психологі Калинчук А. К  9,11-класс оқушыларымен "Мамандық таңдау-ертеңді ойлау" тақырыбында тренинг өткізді.

«Ұлттық құндылықтарды дәріптейік» танымдық сабағын 10-класс оқушыларына   тарих пәнінің мұғалімі Тышимова Г.Т өткізді. Оқушыларға  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  түсінік жұмыстарын  жүргізіп, оқушылар «Асқақ арман» , «Жарқын болашақ», «Дарынды ұрпақ» тобы болып тапсырмалар орындады.

Сыныптарда  қашықтықтан класс сағаттары өткізілді.

Іс шаралар инстаграм парақшасына жарияланып отырды.

Тәрбие ісінің орынбасары :     Мукашева К.С

Жаңалыктар