«Ерлік пен елдіктің белгісі – тіл мен тарих» атты қазақ тілі апталығының есебі
Мақсаты: Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі,жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету.
2021 жылдың 15 ақпан мен 19 ақпан аралығында «Ерлік пен елдіктің белгісі – тіл мен тарих» атты қазақ тілі апталығы өтті. Апталықтың ашылуына оқушылар онлайн видеоролик дайындады және мектеп кітапханашы Г.О.Абдиханованың ұйымдастыруымен ақын – жазушылардың кітаптарынан көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар оқушылар ақын-жазушыларымыздың өмір жолдарына, шығармаларына арналған қабырға газеттерін шығарды.
Апталықтаң екінші күні мектеп кітапханашысы Г.О.Абдиханова ата- ана, оқушылар арасында «Кітапқұмар оқырман» тақырбында дөңгелек үстел өткізді.Мақсаты-
Ағылшын тілі мұғалімі, жас маман – Тәженова А.Ү 3а сыныбында «Seasons and moths» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты жыл мезгілдерін, жыл мезгілдеріндегі ай атауларын, жыл мезгілдеріндегі табиғат өзгерістерінін оқушыларға ағалшын тілінде меңгерту.Сабақта оқушылардың қызығушылықтарын арттыратын ақпарат көздері берілді, жаңа үлгідегі әдіс – тәсілдер қолданылды.Оқушылар сабаққа қызығушылықпен белсенді қатысты.
Сабақ мақсатына жетті.Сабаққа бірлестік жетекшісі Дуйсенбаева Г.С, мкетеп кординаторы Дуйсенбина Р.О, ағылшын тілі мұғалімі Якимова С.С қатысты.
17 ақпан күні 10а класында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұйымдастыруымен «Дала жұлдызы – Ыбырай Алтынсарин»тақырыбында танымдық сабақ өтті.Сабақтың мақсаты – Ы.Алтынсарин шығармашылығын оқушыларға таныту,шығармаларының құндылығын,маңызын ұғындыру.Әңгімелеріндегі кейіпкерлердің іс- әрекеттері арқылыеңбек етуге,адамгершілікке,адалдыққа, мейірімділікке баулу.Сабақ барысы бірнеше бөлімнен құрылған.Бірінші «Ыбырай - ақын»бөлімінде Ыбырай өлеңдері жатқа айтылса, «Ыбырай - әңгімеші» бөлімінде оқушылар ыбырай әңгімелерінен көріністер көрсетті. «Бұл- қай кейіпкер » бөлімінде Ыбырай шығармаларындағы кейіпкерлерді ажырата білді. «Ыбырай – дала жұлдызы» тақырыбында ПОПС формуласы әдісі арқылы оқушылар өз пікірін,көзқарастарын білдірді.Сабақ соңында рефлексия жүргізді. Сабақ жалпы тартымды,қызықты өтті. Оқушылар «Еңбек, Білім, Өнер» деп үш топқа бөлініп, жұмыс жасады.Сабақта «ПОПС»формуласы,мәнерлеп оқу,сахналық көрініс, «Автор орындығы», «Бес саусақ»,кері байланыс әдіс – тәсілдері қолданылды.Сабаққа орыс тілі мұғалімі Жумалина З.М,қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мукашева К.С, мектер кординаторы Дуйсенбина Р.О қатысып, өз бағаларын берді.
Сонымен бірге осы аталған күні 9а сыныбында Б.Акунинның шығармашылығына арналған «Найти свой путь – самое главное в жизни любого человека»тақырыбында тыныптан шыс шара өтті.Шараны өткізген орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Калиева Айгуль Несіпбаевна.Мақсаты- Б.Акуниннің шығармашылығы мен тарихи детектив жанрына оқушылардың қызығушылығын арттыру.Сабақ барысында ақпарат беру, проблемалық дамыту, және жеке бағытталған техналогиялар қолданылды. Б,Акуниннің өмірінен қызықты ақпараттар, өмір жолдары, «Турецкий гамбит»шығармасының өмірде тарихи прототиптері бар кейіпкерлері жөнінде мәліметтер берілді. Сонымен бірге «Кейіпкерді тап» атты викториналық сұрақтар, «Сөздерді жина»ойыны, «Ұйқасын тап» бөлімдері болды. Сабақ та қолданылған педагогикалық тахнологиялар сабақты барынша қызықты ете алды.Сабаққа орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жумалина З.М.мен жаратылыстану пәнінің мұғалімі Ишаулова Г.М.қатысты.
Апталықтың үшінші күні пән мүғалімі К.С.Мукашева 7ә сыныбында М.Әуезовтың «Көксерек»әңгімесі бойынша «Көксерек пен Аққасқаның шайқасы»тақырыбында әдебиет пәнінен ашық сабағын өткізді.Сабақта мақсатқа сай тиімді әдіс-тәсілдер қолданылды.Шынжыр,венн диаграммасы,тв шоу,авторға хат,дұрыс-бұрыс әдістері арқылы оқушылар тапсырмалар орындады.Оқушылар сабаққа белсене қатысып отырды.
Сонымен бірге қазақ даласының жарық жұлдызы,дала қоңырауы Ы.Алтынсариннің шығармашылығына арналған 10б сыныбында «»тақырыбында сыныптан тыс шара өткізілді. Шараны қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.С.Дуйсенбаева өткізді. Шара басталуында Bilimland сайтынан бейнематериал көрсетіліп, оқушылар алған білімдерін кластер арқылы толықтырумен жалғасты.Бірнеше бөлімнен құралған шарада тапсырмалар және тест жұмысын оқушылар жоғары қызығушылықтарымен орындады.Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясына»енгізілген жұмбақтарды шешуде оқушылар белсенділік танытты.Ақынның мысал әңгімелерінен үзінділер көрсетіліп, оқушылар әңгіме идеясын аша отырып,өз ойларын ортаға салды.
Биылғы жылы қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаевтың 90жылдығына орай 5-11 сыныптар арасында «Әр өлеңі – бір әлем»атты өлең оқу байқауы жарияланды. Байқауға оқушылар белсенді қатысып, орындармен марапатталды.
Қорытынды бойынша Амангелдин Ә(8кл) -1 орын,Сарсенова П(8 кл)-2 орын,Еркебұланқызы А(10кл)-2 орын,Әлімжанова А(9кл)-2 орын,Бақытқали Н(8кл)-3орын,Еламан К(7кл)-3орын,Асқар Ж(6кл)-3орындармен марапатталды.
Сонымен бірге қазақ сыныптары арасында орыс тілі пәнінен белгілі ақын Муса Жалелдің өлеңдерін оқудан байқау ұйымдастырып, жеңімпаздарды алғыс хаттармен марапаттады.
Апталықтың соңғы күні апталыққа белсенді қатысқан барлық оқушы есімдері аталып, дипломдар мен алғыс хаттар берілді.Пән мұғалімдері өткізген іс-шараларда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,оқушылардың мемлекеттік тілді жетік меңгеріп білуіне көңіл бөліп, пәнге деген қызығушылықтарын арттырып,ізденімпаздық қабілеттерін оята білді.Қорыта келгенде тіл апталығы белгіленге жоспар бойынша жоғары деңгейде өткізілді.Бірлестік жетекшісі: Г.С.Дуйсенбаева.