Талдысай жалпы орта білім бетерін мектебіндегі оқушылардың қызығушылығы мен шығармашылығын дамытатын үйірмелер мен секциялар жұмысының ұйымдастырылуы туралы анықтама
Бақылау мақсаты: Мектептегі оқушылардың бос уақытындағы қызығушылығы мен бейімділігін дамытатын үйірмелер мен секцияларға қатысымы, үйірме жұмысының жоспарлануын бақылау.
Бақылау түрі:
- Сабақ кестесімен үйірмелердің жүргізілуін бақылау;
2020-2021 оқу жылының басында мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес үйірме, секция жұмыстары бақылауға алынып,тексерілді. Үйірменің жүргізілуі бойынша іс-құжаттар толық қаралды.
Бақылау барысында анықталды:
Мектептегі үйірмелерді ұйымдастырудағы басты міндеттердің бірі білім алушылардың шығармашылық қабілеттері мен кәсіби бейімділігін дамытуына, денсаулықты нығайтуға, дүниетанымын кеңейтуге әсер ететін сыныптан тыс және сабақтан тыс іскерлігін ұйымдастыру.
2020-2021 оқу жылы басында төмендегідей үйірмелер мен спорттық секциялар ашылған.
№ |
Спорт секциясының атауы |
Өткізілу уақыты |
жауапты |
1 |
Волейбол /қыздар/ |
Дүйсенбі 18.00-19.00 |
Ишаулов А |
2 |
Волейбол /ұлдар/ |
Вторник 18.30-19.30 Бейсенбі,сенбі 19.00-21.00 |
Кургулин М.С |
3 |
Шахмат 3а-класс |
Дүйсенбі 15.00-15.30 |
Кушкимбаев Т.Е |
4 |
Шахмат 6а-класс |
Сәрсенбі 10.00-10.30 |
Кушкимбаев Т.Е |
5 |
Футбол 8а-класс |
Дүйсенбі Сәрсенбі Жұма 18.30-19.30 |
Кушкимбаев Т.Е |
6 |
Қазақша күрес |
Дүйсенбі сәрсенбі жұма 9.30-11.00 11.00-12.30 17.00-18.30 18.30-21.00 |
Көмекбай Ж |
7 |
Футбол/қыздар/ |
Сенбі 18.00-19.00 |
Ахмет А |
8 |
Теннис |
Жұма 16.00-17.00 |
Сырмаханов Ш.Қ |
9 |
Тоғызқұмалақ |
Дүйсенбі 17.35-18.05 |
Жармедетов А.Қ |
№ |
Үйірме атауы |
Өткізілу уақыты |
жауапты |
1 |
Қолөнер |
Дүйсенбі 10.00-11.00
|
Кимағанбетова А.Б
|
2 |
Хор |
Сәрсенбі 11.00-12.00 |
Дүйсенбина А.А |
3 |
Би |
Дүйсенбі 16.00-17.00 |
Елеусинова А.А |
4 |
Робототехника |
Сейсенбі 10.00-11.00 |
БимағанбетоваМ.Т |
Үйірмелер мен секциялардың жетекшілері жылдық күнтізбелік-тақырыптық жоспарын құрып, бекіттірілген. Өткізу орны, уақыты кестеде көрсетілген.
Осы үйірмелер мен спорттық секциялар ішінде стандарт сағаттан бөлініп берілген ақылы түрдегі факультативтер мен үйірмелер жоспарлары бекітілген. «Күнделік» платформасындағы электронды журналға енгізілген,уақытылы өткізілуде.
Қазақша күрес аудандық спорт мектебі арқылы өткізіліп отырады.
Ұсыныс:
Үйірмелер қашықтықтан өткізілуіне байланысты оқушылардың үздік жұмыстары түрлі байқауларға қатыстырылуына мүмкіндік жасалсын.
Спорт секцияларын спорт залда өткізу кезінде санитарлық талаптар сақталсын. Оқушылардың ата-аналарынан қолхаттар толық алынып жинақталсын.
Есептегі оқушылардың секцияларға қатысуы қамтамасыз етілсін.
Қорытынды: Секциялар мен үйірмелердің жүргізілуі талапқа сай, жалғастыру керек.
27.09.2020ж. Тәрбие ісінің орынбасары: Мукашева К.С
Оқу ісінің орынбасары:
2020-2021 оқу жылының 1 жарты жылдығы бойынша 1-11-кластардың тәрбие жұмысы жоспарларын бекіту туралы анықтама
Бақылау мақсаты: Класс жетекшілердің жоспарларын құруда оқушының жас ерекшелігін ескеруі , кластың өзекті мәселесімен ,мақсат міндетімен тақырыптың сәйкестігін тексеру, өткен оқу жылының қорытындысы негізінде жасалғанын анықтау.
Бақылау түрі:
- Жоспардың құрылуы және уақытылы бекіттірілуі;
- Өткен оқу жылының талдауының болуы;
- Жаңа оқу жылына алынған мақсат , міндеттерінің болуы;
- Күтілетін нәтиженің қолжетімділігі;
- Оқушылардың жас ерекшелігін ескерілуі;
Бақылау барысында анықталды:
Оқу жылының қашықтықтан басталуына байланысты класс жетекшілер жоспарларын электронды түрде тапсырды. Тексеру барысында 1 жарты жылдыққа құрылғаны, берілген үлгі бойынша 8 бағытта жасалғаны анықталды.
Мектепішілік жоспарда көрсетілген тақырыптар кіріктірілген және биылғы оқу жылында экологиялық сағаттың берілуіне байланысты айына бір сағат кіріктіріліп жасалған.
Тақырыптарды алу барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне көңіл бөлінбегені байқалды.
Жоспарды бекіттіргендер: Слюсарь Р.П,Картпаева К.С,Жанакбаева Ж.Ж,Лыкова С.С,Атбағарова Г.А ,Кушкимбаева Ф.Е,
Ұсыныс:
Жоспарлау барысында өткен жылғы талдау барысында кластың қалыптасу деңгейі, өзін-өзі басқара алу, өзін-өзі тәрбиелеу сияқты мәселелерге көптеп көңіл бөлу қажеттілігін ұсынамын.
Қорытынды: Жоспарлар бекітілсін,тақырыптық класс сағаттары жоспар бойынша жүргізілісін.
22.09.2020 г. Тәрбие ісінің орынбасары: Мукашева К.С
2020-2021 оқу жылы басында кезекші кластарда оқушылар оқитын кабинеттердің санитарлық-гигиеналық жағдайы,санитарлық талаптардың сақталуы бойынша анықтама
Бақылау мақсаты: Оқушылардың денсаулығының және гигиеналық санитарлық талаптардың сақталуын бақылау,
Бақылау түрі:
Кабинеттер тазалығының болуы;
Үзіліс кезінде кварцтың қолданылуы
Антисептиктердің болуы;
Маска режимінің сақталуы;
Бақылау барысында анықталды:
Оқу жылы басында 1-4-кластар аралығында 12 кезекші сынып, 3 МАД тобы ашылып отыр. Оқушы саны -112 , МАД тобында 28 бала . Күнделікті келеген кезде екі кіреберіс есікте кезекшілер тұр. Оқушыларды қабылдап алып, дене қызуын өлшеп, антисептикпен залалсыздандырып кіргізеді. Кабинет алдында анстисептиктер қойылған. Оқушылар үзіліс сайын қолданып отырады. Кабинеттер үзіліс сайын сүртіледі және мектеп медбикесінің кестесі бойынша кабинеттер кварц арқылы тазартылады. Оқушылар да, мұғалімдер де масқа режимін сақтайды. Мектеп тарапынан арнайы оқушыларға маска тігіліп таратылды. Ата-аналары мектепке алып келіп, алып кетеді.
Ұсыныс: оқушылардың маскаларын жиі ауыстыруға мүмкіндік жасау;
Қорытынды: санитарлық талаптар қатаң сақталсын,мектеп медбикесі тарапынан бақылау күшейтілсін;
05.09.2020 г. Тәрбие ісінің орынбасары: Мукашева К.С
Таныстым: мектеп медбикесі Ахметова С.Ғ
2020-2021 оқу жылы басында оқушылардың оқулықтармен қамтылуы бойынша анықтама
Бақылау мақсаты: Оқушылардың оқу жылы басында оқулықпен қамтамасыз етілуін анықтау, әлеуметтік жағдайына байланысты оқушылардың толықтай қамтамасыз етілгіендігін анықтау.
Бақылау түрі:
Оқулықтар саны ;
Жетіспейтін оқулықтар саны;
Оқулықпен қамтамасыз етілу деңгейі;
Бақылау барысында анықталды:
Оқу жылы басында мектеп кітапханасының оқулықтар саны-12502. Оқу жылының тамыз айында оқулықтар таратылу жұмысы ұйымдастырылып, мектептің оқушылары толықтай оқулықпен қамтамасыз етілген. Әлеуметтік жағдайына байланысты оқушылар толықтай қамтамасыз етіліп, класс жетекшілер есептерін тапсырған. Жетіспеген оқулықтар аудан мектептерінен келісіммен алынып, уақытша пайдаланылып отыр және оқу жылы соңында мектептерге қайтарылады.
Ұсыныс: оқу жылы соңында оқулықтардың ұқыпты тапсырылуын талап ету және жетпейтін оқулықтарға сұраныс жіберу;
Қорытынды: Мектеп кітапханашысы пән мұғалімдерімен байланыса отырып, жетіспейтін оқулықтар үшін сұраныс жазып АББ-НЕ тапсырсын;
05.09.2020жг. Тәрбие ісінің орынбасары: Мукашева К.С
Таныстым:
2020-2021 оқу жылы басында есептегі оқушылардың үйірме жұмысына қатысуын бақылау туралы анықтама
Бақылау мақсаты: Есептегі оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектепішілік үйірме ,спорттық секцияларға қатысуын қамтамасыз ету;
Бақылау барысында анықталды:
Оқу жылы басында «Қолайсыз отбасы» санатында тәрбиеленушілер санатына -14 бала жатады. Соның ішінде мектепте оқитыны -11 оқушы, 1 бала-МАД тобында оқиды. 1 бала-балабақша тәрбиеленушісі.Осы оқушылардың ішінде 7б-класс оқушысы Нижник В,5б-класс оқушысы Нижник И,5а-класс оқушысы Шигибаев Д Ақтөбе қаласындағы «Аяла» интернатында оқып жатыр.
Аудандық
Оқушылардың төмендегідей секцияларға қатысатыны анықталды.
№ |
Оқушының аты-жөні |
Қатысатын үйірме атауы |
1 |
Бахрадинов Е 7а-класс оқушысы |
Күрес, тоғызқұмалақ |
2 |
Бахрадинов Б 4а-класс оқушысы |
күрес |
|
Бахрадинов А 2а-класс оқушысы |
күрес |
|
Бахрадинов Т 1а-класс оқушысы |
--- |
|
Кузаева Ю 3б-класс оқушысы |
хор |
|
Шигибаев Д 5а-класс оқушысы |
Күрес /резервте тұр/ |
|
Фабиян В 8б-класс оқушысы |
робототехника /факультатив/ |
|
Фабиян Д 4б-класс оқушысы |
Роботехник, волейбол |
|
Трифонов В 7б-класс оқушысы |
Күрес / резервте тұр/ |
Ұсыныс: оқушылардың секцияға қатысуын қадағаланып, жарыстарға қатысуға мүмкіндік жасалсын;
Қорытынды: оқушылардың секцияларға қатысуын бақылау класс жетекшілеріне және секция жетекшілеріне міндеттелінсін;
05.09.2020 ж. Тәрбие ісінің орынбасары: Мукашева К.С
2020-2021 оқу жылындағы
бастауыш кластардағы тәрбие сағатының өткізілу сапасы және кластың тәртібін бақылау бойынша анықтама
Бақылау мақсаты: Бастауыш класс оқушыларының тәртібін бақылау, тәрбие сағаттарының өткізілу деңгейін анықтау;
Бақылау түрі:
Сабаққа ену;
Үзілісте тәртіптерін бақылау;
Сабаққа келу уақыттарын қадағалау;
Бақылау барысында анықталды:
1а-класс жетекшісі Турежанова Г.К
1а-класында 23 оқушы,ұлы-14,қызы-9. Жанұялар құрамы бойынша көп балалы отбасынан -11 оқушы, толық емес отбасынан-2 оқушы, қамқоршылықта тәрбиеленуші-1оқушы , «қолайсыз отбасы» санатында тәрбиеленуші-1 оқушы бар.
бар. Денсаулық жағдайына байланысты 1 оқушы көзінің көру қызметі бойынша, 1 оқушы есту қабілеті бұзылғаны бойынша еспте тұр.
Оқушыларды үзіліс кезінде бақылаған жағдайда –дәлізде жүгіретін оқушылар байқалды, мектеп формасын сақтамаған ер балалар/джинсы/ киген оқушылар байқалды. Класс жетекшісіне ескерту жасалды.
Сабақ барысында оқушылардың өзін-өзі ұстауы әлі тұрақты еместігі байқалды. Психологтар тарапынан зерттеулер жүргізіліп, ата-аналарына жеке кеңестер берілгенін айтты. Оқушылар сабаққа кешікпей келеді. Ата-аналары алып келіп ,алып кетеді. Тәрбие сағаты қашықтықтан өткізіледі. Уақыты дүйсенбі күні сағат 18.00-18.30.
- б-класс жетекшісі Лыкова С.Ф
Оқушы саны-4, ер бала-2,қыз бала-2. Жанұя құрамы бойынша көп балалы отбасынан -1 оқушы, толық емес отбасынан-2 оқушы бар.Сабақ барысында оқушылар тәртіпті сақтайды, мұғалімнің айтқанын түсініп, тапсырманы орындайды. Форма қалыпты. Оқушыларды үзіліс кезінде бақылаған жағдайда дәлізде жүгіретін оқушылар байқалды, ескертулер айтылды. Оқушылар сабаққа кешікпей келеді. Ата-аналары алып келіп , алып кетеді. Тәрбие сағаты қашықтықтан өткізіледі. Уақыты дүйсенбі күні сағат 16.10-16.40.
2а-класс жетекшісі Сотқарова Л.А
Оқушы саны-20,қыз бала-11,ер бала-9. Жанұя құрамы бойынша көп балалы отбасынан -7 оқушы, толық емес отбасынан-2 оқушы бар. «Қолайсыз отбасы» санатында тәрбиеленуші-1 бала бар.
Сабақ барысында тәртіп қалыпты, мұғалімнің айтқанын орындайды. Форма-қалыпты. Оқушылар сабаққа кешікпей келеді. Ата-аналары алып келіп , алып кетеді. Тәрбие сағаты қашықтықтан өткізіледі. Уақыты дүйсенбі күні сағат 16.35-17.05
2б-класс жетекшісі Слюсарь Р.П.
Оқушы саны-7,ер бала-5,қыз бала-2. Жанұя құрамы бойынша көп балалы отбасынан -1 оқушы, толық емес отбасынан-2 оқушы бар, өгей отбасында тәрбиеленуші-2 бала. 1 оқушы көзінің көру қызметі бойынша есепте тұр.
Сабақ барысында оқушылардың тәртіптері қалыпты. Класта Акбулатов Р өзін-өзі ұстауында ескертулер жасалды. Бала көп қозғалады, құрдастарына кедергі келтіреді. Анасына класс жетекшісі тарапынан ескертулер айтылды. Оқушыларды үзіліс кезінде бақылаған жағдайда –дәлізде жүгіретін оқушылар байқалды. Оқушылар сабаққа кешікпей келеді. Ата-аналары алып келіп ,алып кетеді. Тәрбие сағаттары қашықтықтан өткізіледі.Уақыты дүйсенбі күні сағат 11.10-11.10.
3а-класс жетекшісі Еселова Г.О
3а-класында 18 оқушы,ұлы-6,қызы-12. Жанұялар құрамы бойынша көп балалы отбасынан -4 оқушы, толық емес отбасынан-2 оқушы,азқамтылған отбасынан-1 оқушы бар.
Сабақ барысында тәртіп қалыпты, мұғалімнің айтқанын орындайды. Өздерін ұстай алады, сабаққа қатысымы жақсы. Форма-қалыпты. Оқушылар сабаққа кешікпей келеді. Ата-аналары алып келіп , алып кетеді. Тәрбие сағаты қашықтықтан өткізіледі. Уақыты сәрсенбі күні сағат 17.15-17.45.
3б-класс жетекшісі Жанакбаева Ж.Ж
3а-класында 5 оқушы,ұлы-2,қызы-3. Жанұялар құрамы бойынша толық емес отбасынан1 оқушы,қамқоршылықта тәрбиеленуші 1 оқушы бар..
Сабақ барысында тәртіп қалыпты, мұғалімнің айтқанын орындайды. Өздерін ұстай алады, сабаққа қатысымы жақсы. Форма-қалыпты. Оқушылар сабаққа кешікпей келеді. Ата-аналары алып келіп ,алып кетеді. Тәрбие сағаты қашықтықтан өткізіледі.Уақыты жұма күні сағат 10,35-11.05,
4а-класс жетекшісі Атбағарова Г.А
4а-класында 15 оқушы,ұлы-12,қызы-3. Жанұялар құрамы бойынша көп балалы отбасынан -6 оқушы, толық емес отбасынан-1 оқушы, «қолайсыз отбасы» санатында тәрбиеленуші 1 оқушы бар.
Сабақ барысында тәртіп қалыпты, мұғалімнің айтқанын орындайды. Өздерін ұстай алады, сабаққа қатысымы жақсы. Форма-қалыпты. Оқушыларды үзіліс кезінде бақылаған жағдайда –дәлізде жүгіретін оқушылар байқалды. Оқушылар сабаққа кешікпей келеді. Ата-аналары алып келіп , алып кетеді. Тәрбие сағаттары қашықтықтан өткізіледі.Уақыты жұма күні сағат 15.10-15.40.
4ә-класс жетекшісі Аманалина Г.А
4ә-класында 13 оқушы,ұлы-9,қызы-4. Жанұялар құрамы бойынша көп балалы отбасынан -5 оқушы, толық емес отбасынан-5 оқушы, «өгей отбасы» санатында тәрбиеленуші 1 оқушы бар.
Сабақ барысында тәртіп қалыпты, мұғалімнің айтқанын орындайды. Өздерін ұстай алады, сабаққа қатысымы жақсы. Форма-қалыпты. Оқушылар сабаққа кешікпей келеді. Ата-аналары алып келіп ,алып кетеді. Тәрбие сағаттары қашықтықтан өткізіледі.Уақыты сәрсенбі күні сағат 11.20-11.55.
4б-класс жетекшісі Жулдубаева Н.А
4б-класында 7 оқушы,ұлы-5,қызы-2. Жанұялар құрамы бойынша көп балалы отбасынан -2 оқушы, толық емес отбасынан-2 оқушы, «қолайсыз отбасы» санатында тәрбиеленуші 1 оқушы бар.
Сабақ барысында тәртіп қалыпты, мұғалімнің айтқанын орындайды. Өздерін ұстай алады, сабаққа қатысымы жақсы. Форма-қалыпты. Оқушылар сабаққа кешікпей келеді. Ата-аналары алып келіп ,алып кетеді. Тәрбие сағаттары қашықтықтан өткізіледі.Уақыты дүйсенбі күні 14.30-15.05
Ұсыныс: Оқушылардың тәртіптерін түзету жұмыстары үнемі назардан тыс қалмауы қажет. Ата-аналармен тығыз жұмыс жүргізілуі керек. Ескертулерден қорытынды шығарылуы керек.
Қорытынды: Оқушыларға өзін-өзі ұстай білу, мәдениеттілік тақырыптарында класс сағаттары жүйелі жүргізілсін.
19.10-23.10.2020ж. Тәрбие ісінің орынбасары: Мукашева К.С
Таныстым:
2020-2021 оқу жылының 1 тоқсанында журналдардың жүргізілу туралы анықтама
Бақылау мақсаты:класс жетекшілердің электронды журналды толтыруын бақылау;
Бақылау түрі: жеке тексеру
1-11-кластарда аптасына 1 сағат класс сағаты өткізіледі. Класс сағатымен бірге қосымша бағдарламалар кіріктіріліп оқытылады. Журнал «күнделік» электронды форматта толтырылып отырады.
Класс сағаттарының кестесі
Класс |
Класс жетекшісінің аты-жөні |
апта |
Сабақ уақыты |
1а |
Турежанова Г.К |
дүйсенбі |
18.00-18.30 |
1б |
Лыкова С.Ф |
дүйсенбі |
16.10-16.40 |
2а |
Сотқарова Л.А |
дүйсенбі |
16.35-17.05 |
2б |
Слюсарь Р.П |
дүйсенбі |
11.10-11.40 |
3а |
Еселова Г.О |
сәрсенбі |
17.15-17.45 |
3б |
Жанакбаева Ж.Ж |
жұма |
10.35-11.05 |
4а |
Атбағарова Г.А |
Жұма |
15.10-15.40 |
4ә |
Аманалина Г.А |
сәрсенбі |
11.25-11.55 |
5а |
Тышимова Г.Т |
дүйсенбі |
10.00-10.30 |
5б |
Нурешова Л.Б |
дүйсенбі |
11.10-11.40 |
6а |
Кушкимбаева Ф.Е |
дүйсенбі |
18.00-18.30 |
7а |
Құттымұратова А.С |
сейсенбі |
10.40-11.10 |
7ә |
Алиева А.М |
дүйсенбі |
10.00-10.30 |
7б |
Захаренкова Н.К |
дүйсенбі |
11.20-11.50 |
8а |
Турежанова Т.К |
сейсенбі |
17.10-17.40 |
8б |
Сейдер Е.В |
бейсенбі |
17.10-17.40 |
9а |
Жумалина З.М |
дүйсенбі |
14.00-14.30 |
9б |
Алимкулова Б.А |
дүйсенбі |
15.15-15.45 |
10а |
Жармедетова Ж.Қ |
сейсенбі |
15.50-16.20 |
10б |
Картпаева К.С |
дүйсенбі |
15.15-15.45 |
11а |
Дүйсенбина А.А |
сейсенбі |
15.15.-15.45 |
11б |
Жаржанов Т.М |
сейсенбі |
15.15.-15.45 |
Ұсыныс: Журналға тақырып жазылған кезде ,қосымша бағдарлама тақырыптарын кіріктіріп жазса, үй тапсырмасы беріліп отырса;
Қорытынды: журнал уақытылы толтырылып отырсын.
06.11. 2020ж Тәрбие ісінің орынбасары: Мукашева К.С
2020-2021 оқу жылының күзгі каникул күндерінде жүргізілген жұмыстар туралы анықтама
Бақылау мақсаты: оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында жүргізілген жұмыстардық тиімді ұйымдастырылуын бақылау.
Бақылау түрі: іс-шараға қатысу, жіберілген видео материалдарды қарау;
Оқу жылының күзгі каникул күндеріне «Қазақстан балалары- күзгі интерактив» тақырыбында іс-шаралар жоспары бекітілді.
5қараша күні волейбол үйірмесінің жетекшісі Кургулин М.С секцияға қатысатын ер балалар арасында жарыс өткізді. Жарысқа екі командадан 12 оқушы қатысты. Санитарлық талаптар сақталды. Ойын қорытындысы бойынша «Жастар» командасы 1 орын, «Қыран» командасы 2 орын жеңіп алды. Ойынға мектепішілік есепте тұрған 9а-класс оқушысы Жумин Д қатысты.
Ойын қорытындысы бойынша оқушылар мектеп директоры атынан грамота ,кубокпен марапатталынды.
6 қараша күні теннистен жарыс өтті. Жарысқа 7 оқушы қатысты. Жарысты жетекші Cырмаханов Ш.Қ өткізді. Қорытындысы бойынша 1 орын Насрадинов А 10а-класс оқушысы, 2 орын Бақытқали Н 8а-класс оқушысы, 3 орын Әлібиұлы А 7а-класс оқушысы иеленді. Оқушылар грамотамен марапатталынды.
Мектеп кітапханашысы Абдиханова Г.О «Оқуға кеңес беремін» айдарымен аудиокітаптар тізімін оқушыларға ұсынды.
«Өнерге қанат қаққандар» тақырыбында мектеп музыканттары Елеусинова А.А, Дүйсенбина А.А оқушылардың ән, би өнерлерін мектептің инстаграм парақшасына жариялатты. Үздік жұмыстарды АББ-нің жарысына қатыстырды.Қорытындысы бойынша Шишкина Зухра мен Күнтуғанова А марапатталынды.
11 қараша күні информатика пәнінің мұғалімі Бимағанбетова М.Т «Пайдалы ойындар» робототехникаға байланысты тренинг өткізді.
Мектеп психологтары Калинчук А.К,Сакенай С 11-класс оқушыларымен «Мамандық таңдау-маңызды іс» атты кеңес беру сағатын өткізді.
Еріктілер тобы «Асар » челленджіне қатысып, ауылымызда тұрып жатқан жалғазбасты қарияларға көмек берді.
Ұсыныс:іс-шараларға оқушылардың қатысымын арттыру;
11.11. 2020ж Тәрбие ісінің орынбасары: Мукашева К.С