26 Сәу 2021
Мемлекеттік рәміздер туралы

Рәміздер анықтамасы

Талдысай ЖОББМ бойынша 2021 жылдың 1-15-ақпан аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына  орай Мемлекеттік рәміздерді насихаттау, оқушыларға  патриоттық тәрбие  беру бағытында   өткізілген іс-шаралар анықтамасы

Оқушыларға мемлекеттік рәміздерді  насихаттау бағытында  1-15 ақпан аралығында  іс-шаралар жоспары құрылды.Жоспарға  сәйкес  4 ақпан күні мектеп кітапханашысы Абдиханова Г.О «Мемлекеттік рәміздер-Тәуелсіздігімнің нышаны»тақырыбында  1-сынып оқушыларына танымдық сағатын өткізді.  Оқушыларға рәміздер туралы, рәміздер тарихы, ерекшелігі,Рәміздерге құрметпен қарау туралы түсінік берілді. 

5ақпан күні МАД тобының жетекшісі  А.Елеусинова   «Менің елімнің рәміздері »тақырыбында  танымдық сабағын өткізді.Сабақ барысында  оқушылар ҚР мемлекеттік гимнін орындады.  Мемлекеттік рәміздер  жайлы әңгімелесу, «Қай бөлігі жоқ?»ойыны өткізілді.

Сабақтан соң  тәрбиешісі  оқушыларын  мектептің дәлізінде орналасқан Мемлекеттік рәміздер стендімен  таныстырды, мектеп кітапханасына  апарды.  Оқушылар рәміздер туралы толық ақпарат ала алды.

10 ақпан күні тарих пәнінің мұғалімі 9б-класында «Государственные символы РК» тақырыбында  викторина сабағын өткізді. Сабақ барысында мұғалім рәміздер  туралы кіріспе сөзімен бастап, мемлекеттік гимн орындалды. 5 тур бойынша оқушылар тапсырмалар орындады. «Патриот» және «Жас ұлан» тобы болып сайысқа  түсті.  Қорытындысы бойынша  «Патроит» тобы  жеңіске жетті. Қатысқан оқушы саны-7.

7ә-класында тарих пәнінің мұғалімі Алиева А.М «Рәміздерім-мақтанышым» тақырыбында  сайыс сабақ өткізді.  Сайыс сабаққа 3 топ болып қатысты. Топтар  «Ту», «Елтаңба», «Әнұран» деп бөлінді. 6 айналым бойынша «Сіз білесіз бе?», «Сиқырлы әріптер», «Кім зерек?» , «Білімдінің көзі ашық», «Сырлы суреттер» сайысқа түсті.

Қорытындысы бойынша  «Ту » тобы  жеңімпаз атанды. Қатысушылар марапатталынды.

Сабақтарға  тәрбие ісінің орынбасарлары, тарих,АӘД пәнінің мұғалімдері, кітапханашы  қатысты.

Тәрбие ісінің орынбасары:       Мукашева К.С

 

Жаңалыктар