Әйтеке би ауданы Талдысай ЖОББМ қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы
№1 хаттама
Талдысай ауылы 02.02. 2021 жыл
Қатысқаны-
Утегенова А.Т –кеңес төрайымы
Кожагулова А.З- құқық кеңесінің орынбасары
Баймаханова Б-хатшы .
Кеңес мүшелері:
Худиярова А.У
Захаренкова Н.К
Сарсенова Р.А
Жулдубаева Н.А
Шектибаев Қ.Б
Қатыспағандар: Толтаев Ж /дәлелді /
Шақырылғандар:
Мукашева К.С-тәрбие ісінің орынбасары
Ишаулова Г.М -әлеуметтік педагог
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
1.Қамқоршылық кеңестің нормативтік –құқықтық құжаттарымен танысу;
- 2020 жылғы қамқоршылық кеңестің жұмысын талдау;
3.Қамқоршылық кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын құру, бекітуге ұсыну;
Тыңдалды:
1-ші мәселе бойынша: Тәрбие ісінің орынбасары К.С.Мукашева
Білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңесі – білім беру ұйымын алқалы басқару нысандарының бірі. Қамқоршылық кеңесі дегеніміз – білім беру ұйымына бюджеттен тыс қаржы құйылуын қамтамасыз ететін және оның ұйым мен оқушылар қажеттігіне жұмсалуын ашық түрде жүргізетін заңнама тұрғысынан сауатты құрылған пәрменді құрылғы. Қамқоршылық кеңес өз жұмысында Қазақстан Республикасының білім беру саласын қаржыландыруда ұстанатын нормативтік-құқықтық құжаттарын басшылыққа алады.
Қамқоршылық кеңесінің ережесінде (БжҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген) қамқоршылық кеңес мектеп қорына түскен демеушілік және т.б, қаражаттың білім алушылар (оқушылар) мен олардың ата-аналарының сұрақ-талаптарын ескере отырып, тәрбие және білім беру үдерісінің дамуына; білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге әлеуметтік қолдау көрсетуге; ұйымының материалдық-техникалық базасын жетілдіруге; спортты дамытуға, дарынды балаларды қолдауға; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс білім беру процесін ұйымдастыруға қаралып, шығыстарының мақсатты жүзеге асырылуын коллегиалды түрде басқарады деп, көрсетілген.
Биылғы 2021 жылы кеңес құрамы өзгеріссіз қалатынын айтты.
2-мәселе бойынша қамқоршылық кеңестің 2020 жылғы жұмысының есебін кеңес төрайымы А.Т.Утегенова жасады. /Есебі тыңдалды./
3-мәселе бойынша 2021 жылдың жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді.
Жарыс сөздер:
Ишаулова Г.М-әлеуметтік педагог
- Ақпан айында «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» атты жалпыұлттық мәдени білім беру жобасы бойынша қайырымдылық акциясына демеушілер тартуды ,белсене қатысуларын ұсынды.
ШЕШІМ ЕТТІ:
- Қамқоршылық кеңестің нормативтік –құқықтық құжаттары басшылыққа алынсын.
- 2020 жылғы қамқоршылық кеңестің жұмысы «қанағаттанарлық »деп есептелінсін.
3.Қамқоршылық кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары жүйелі жүргізілсін.
Кеңес төрайымы: Утегенова А.Т
Хатшы: Баймаханова Б
Кеңес мүшелері:
Кожагулова А.З
Худиярова А.У
Захаренкова Н.К
Сарсенова Р.А
Жулдубаева Н.А
Шектибаев Қ.Б